Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізді алда не күтпек": Бағдат Мусин онлайн қызметтерді жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқарылғанын айтты

Үкімет отырысында Бағдат Мусин мемлекеттік қызмет көрсетуді жақсарту бойынша қандай жұмыстар атқарылғаны туралы баяндады. 

Министр биыл  мемқызметтердің 93%-ы электронды түрде көрсетілгенін айтып, былтырмен салыстырғанда смартфон арқылы алынатын қызметтердің саны биыл 6 есеге өскенін атап өтті.

Көптеген қызметтердің Kaspi, Halyk сияқты танымал қосымшаларында көрсетіліп жүргенін және бүгінгі күні олардың саны 33 млн.ға жеткенін айтты. 

Бүгінгі күні проактивті қызметтер халық сұранысына ие. Проактивтік дегеніміз не? Ол азаматтардың жүгінуін күтпей, айтқызбай, мемлекеттің өзі ұсынатын қызметтер. Бағдат Мусиннің баяндауынша, қазір олардың түрі 40-қа жетіп, саны 2 млн.нан асқан. Ал биометриялық растау және QR-мен қол қою арқылы электрондық қызметті алуды одан сайын жеңілдеген. 

Президенттің тапсырмасына сәйкес диджитал министрлік әрбір мемлекеттік қызметті талдау үшін  азаматтардың қатысуымен фокус-группалар құрған. Министрлік фокус-группаның көмегімен халыққа қызмет көрсету процестерін қайта қарастырып, жұмысты 3 бағытта жүгізбекші: адамдардың мемлекеттік органдарға бару міндетін     барынша азайтып, құжаттарды талап етуді қысқартып, азаматтарды артық іс-қимылдан босату. 9 нақты өмірлік ситуация қаралып, нәтижесінде бірқатар қажетсіз әрекет жойылған.  Мысалы, мемлекеттік органға бару саны 119 дан 21-ге дейін, талап етілетін құжаттар түрі 102-ден 11-ге дейін және жалпы қадамдар саны 600-ден 175-ке дейін азайған. 

Министрдің пайымдауынша, Қазақстанда жыл сайын 400 мыңға жуық бала дүниеге келеді және олардың 68%-ына қызметтер проактивті-онлайн форматта ұсынылып отыр. 10 жыл бұрын қазақстандықтар осыншалықты оңтайландырылған қызметтерді алу мүмкін боларына сенген де жоқ еді.  Мысалы, туу туралы куәлік пен пособие алу үшін оның анасы бұрын не істейтін? Сол баланы қолына алып, ЦОН-ға баруға мәжбүр болатын. Одан соң жәрдемақы алу үшін бірнеше өтініш жазып, 2 аптаға жуық уақыт түрлі мекеменің табалдырығын тоздыратын. Ал, қазір проактивті қызметтердің арқасында еш жаққа барудың, өтініш жазудың қажеті жоқ. Мемлекет SMS арқылы анасын құттықтап, балаға ат қоюды сұрайды. Сөйтіп, ЖСН де, туу туралы куәлік те, жәрдемақылар да дайын болады. 

Бүгін әлемнің алпауыт елдері big data-ның маңыздылығын түсініп, артықшылықтарын қолдануда. Үлкен деректертер не үшін қажет? Бизнес процесстерді талдау және жеделдету үшін қажет. Министрлік м емлекеттік қызметтерді алу процесін оңтайландыру мақсатында Big data мүмкіндіктері де қолданады екен. Бүгінгі күні 6,3 млн. отбасының деректері цифрландырылып, сұранысқа ие қызмет түрлері анықталған. Ол әлеуметтік маңызды 18 қызмет, көп балалы отбасына, мүгедектігі бар адамға, асыраушысынан айырылғандарға берілетін жәрдемақы мен төлемақылар. Қазір ол қызметтердің саны 800 мыңға жетті және олар проактивті түрде көрсетіледі.  Бағдат Мусиннің пікірінше, мұндай инициативалар қазақстандықтардың уақытын үнемдеп, өмірін әлдеқайда жеңілдетпек.  

Анықтаманы негізсіз талап ету елімізде әлі де орын алаып келеді. Тәжірибеге сүйенсек, көбінесе, оны сұрайтын мектеп пен жұмыс берушілер. Диджитал министрдің сөзіне сенсек, келесі жылы өкілетті екі министрлікпен бұл проблеманы да толық шешпек. Тіпті осы Үкімет отырысында анықтаманы заңсыз талап еткені үшін әлеуметтік жауапкершілікке тарту да ұсынылды.  

Қазақстандықтарды қуантқан тағы бір жаңалық -  автокөлікті тіркеуді онлайн форматқа көшірілуі еді, қазір бұл қызметтің 55%-ы онлайн форматта жасалып келеді. Бұл Ішкі істер министрлігі мен "Азаматтарға арналған үкімет" корпорациясының ортақ жұмысы. 

Профильдік министрдің ақпаратына сүйенсек,  келесі жылдан бастап зейнетақы тағайындау процесі де өзгертіліп, мүлдем жаңа форматта жүргізіледі. Бұдан бөлек, Мусин министрліктің жұмысқа тұру кезінде талап етілетін 12 түрлі анықтамаларды жою, интернетке қосылу, декларация тапсыру, балабақшаға кезекке тұру сияқты жобаларды әзірлеп жатқанын мәлімдеді.

Талқылау