Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бізде шешілмеген мәселе толып жатыр": Мейрамбек Бесбаев депутат ретінде кімді сайлау керек екенін айтты

Мейрамбек Бесбаев депутат ретінде кімді сайлау керек екенін айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "Айта берсін" бағдарламасына сілтеме жасап. 

Бізде шешілмеген мәселе толып жатыр

Танымал әнші депутат мандатын алу үшін қандай адамдарды тағайындау керек екенін айтты. Өнер иесінің пікірінше бұл қызметке халық арасынан шыққан, қарапайым, мәселенің мән-жайын біліп, билікке жеткізе алатын адамдарды депутат етіп сайлаған дұрыс. 

"Өнердің ішінде жүрген, мәселелерді білетін, соның ішінде жүрген адамдардың барғаны дұрыс шығар деп ойлаймын. Өйткені бізде шешілмеген мәселе толып жатыр. Соның барлығын шешуге атсалысады деген үлкен үміт бар", - дейді Мейрамбек Бесбаев.  

Сонымен қатар, әнші өзіне де мемлекеттік қызмет ұсынар болса, кетәрі емес екенін байқатқан. Оған қоса, Мейрамбек Бесбаев жастардың билікке келіп жатқанына қуанатынын жеткізді.

"Біз депутат, үлкен қызметкер болмасақ та, біздің парақшаларымыздың өзінде қаншама өтініштер жазылады. Қазір билік ауысып жатыр. Жақсы мамандар мен жастар қызметке келіп жатыр. Ұсыныстар болып жатса, мен де қызмет жасар едім", - дейді Мейрамбек Бесбаев. 

Талқылау