Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз ықтимал: Тоқаев қаңғыбас иттер жайлы

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев қаңғыбас иттер мәселесіне тоқталып, жағдайды бақылаудан шығарып алу мүмкін екенін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Тауық жегені үшін итті балалдардың көзінше белтемірге байлап қойған ер адамға жаза қолданылады

"Маған ұдайы барлық облыстардан қаңғыбас иттер туралы арыз-шағымдар түсіп тұрады, онымен бірде-бір құзырлы орган тиісті заңға сүйеніп айналыспайды. Егер барлығы осылай кете беретін болса, біз жағдайды бақылаудан шығарып алуымыз мүмкін", - деді Тоқаев сәрсенбіде өткен елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына арналған кеңесте сөйлеген сөзінде.



Президент жануарларға ұқыптылықпен қарау керек деп есептейді, бірақ олардың адамдарға, әсіресе балаларға қарсы агрессиясына жол беруге болмайды.

"Қаңғыбас иттердің шабуылынан зардап шеккендер саны артып келеді. Бұған жол беруге болмайды. Әрекет етіңіздер", - деді президент.

Талқылау