Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз үйдеміз": Ерке Есмахан перзентханадан шығу рәсімін не үшін көрсетпегенін түсіндірді

Әнші Ерке Есмахан босанғаннан кейінгі жағдайын айтып, оқырмандарымен қауышты. Ол перзентханадан шығып, үйіне оралған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Өнер иесінің бірінші некесінен Мүсілім есімді ұлы бар. Екінші рет жастар арасында кеңінен танымал әнші Raim-ға тұрмысқа шығып, ұлды болған еді. 

Ерке Есмахан өзінің перзентханадан шыққан сәтін асыға күткен оқырмандарына желіде жауап беріп, ақжарма тілектеріне алғыс білдірді. Әнші бүгінде ұлымен бірге үйіне келіп алғанын айтты. Бірақ отбасылық сәтін Instagram парақшасында бөліспегенін түсіндірді. Өнер иесі алдағы уақытта барлығын айтып, көпшілікке көрсетуге уәде берді.

"Сәлем достар. Біз үйге келіп алғанбыз және суреттегідей жағдай басталып кетті. Туа салып, мына Ерке құтырып кетті ғой демесін деп, көз тимесін деп үлкендерді тыңдап, кішкене инста әлемнен алшақтадым. Ертең барлығын айтып көрсетемін. Іздеп жатқан жандарға рахмет. Бізде бәрі керемет, Аллаға шүкір", – деп жазды әртіс. 

Еске салайық, әнші осыған дейін ұлы мен күйеуінің фотосын жариялап, әке мен баланың танысу сәтін түсірген болатын.  

“Байбақты елінің ұрпағы. Атасы мен әжесінің тұңғыш немересі. Қазір бақытты сәттер мен ерекше сезімдерді бастан өткізіп жатырмыз. Әрине тәтті күндер мен ұйқысыз түндер де қалыс қалар емес. Әсіресе түнде әкесі екеуміздің жағдайымыз мәз емес болайын деп тұр. Бөпені еркелетіп, бағып, қасына ешкімді жолатпай, көтеріп қолға үйретіп жүрген кім екенін байқаған шығарсыздар. Қызықтар алда бұйыртса, өзі көре жатар”, – деп әзілдеді әнші.

 
Талқылау