Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз тәуекелге барамыз, басқа жол жоқ": Тоқаев кәсіпорындардың жұмысын жалғастыруға рұқсат берді

Тоқаев елдегі төтенше жағдайға қатысты пікір білдірді. Мемлекет басшысы төтенше жағдайға қарамастан елдегі кәсіпорындардың жұмысын қайта жандандыру керектігін айтты. 

Біз тәуекелге барамыз, басқа жол жоқ: Тоқаев кәсіпорындардың жұмысын қайта бастауға мүмкіндік берді

"Үкімет әкімдермен келісе отырып, ең алдымен елдің екі ірі қалаларында шағын және орта бизнесті тоқыраудан аман алып шығуы, нақты жұмыстарды жүргізу керек. Тиісті ұсыныстар жасалды. Оларды ескеру керек. Ия, өмірді жандандыру қажет. Бірақ біздің алдымызда екі міндет тұр - азаматтарымыздың денсаулығы үшін карантинді сақтау, сонымен қатар кәсіпорындарды жұмыс режиміне қайтару", - деді мемлекет басшысы.

Президент мұндай жағдайда арнайы штаб ұйымдастыру жұмыстары қолға алатынын мәлімдеді. 

"Әкімдіктер қатаң санитарлық-эпидемиологиялық режимді және жұмыс орындарындағы әлеуметтік қашықтықты қамтамасыз ете алатын кәсіпорындардың тізімдерін дайындауы керек.

Мұндай жұмыс орындарын тексеруді өңірлердің дағдарысқа қарсы штабы қамтамасыз етеді.

Штаб кәсіпорындардың жұмыс режимін, жұмысшыларды жұмыс орындарына жеткізу тәртібін және басқа да ұйымдастырушылық-техникалық мәселелерді анықтайды.

Осының негізінде мемлекеттік комиссия тиісті кәсіпорындардың қызметін жандандыру туралы шешім қабылдауға мүмкіндік алады", - деді Тоқаев. 



Төтенше жағдайда жұмысты қайта бастау, жұмысшылар үшін ғана емес, аймақ басшылары үшін де жауапты іс екенін атап өтті.

"Мұндай жағдайда облыстар мен бағынышты қалалар басшыларының жауапкершілігі бірнеше есе артады. Себебі біз ашық айтуымыз керек: біз тәуекелге барып отырмыз. Бірақ басқа амал жоқ. Студенттер, мектеп оқушылары, балабақшаларды қашықтықтан оқытуға қатысты талап сол күйі өз күшінде қалады. Қоғамдық орындарда дезинфекция жүргізілуі керек. Бірақ біз кәсіпорындарды жұмыс режиміне бағыттаймыз", - деді ел президенті. 

Талқылау