"Біз өзімізді бұрынғыдан да бай сезінеміз": Ұлдарынан айырылған ерлі-зайыпты байлықтарын тастап, дәрігер болды
Инвестициялық банкте жұмыс істейтін ерлі-зайыптылар балалары өлі туғаннан кейін сән-салтанатты тұрмыстан бас тартқан. Олар бұған дейінгі өмірлері мән-мағынасыз болған деп, қайтадан дәрігерлікті оқиды.
Бұл туралы Daily Mail жазады.
Банкте жұмыс істеп жүрген жылдары Кристиан мен Дипали Шарп әркім армандайтын ғажайып өмір кешті. Олар әр кеш сайын мейрамханадан ас ішіп, қымбат көлік мініп, өте жоғарғы деңгейде саяхаттады.
Бірақ, тұңғыш нәрестелері өлі туған кезде олардың өмірлері күрт өзгерді. Осыдан кейін Кристиан мен Дипали жұмыстарынан бас тартып, дәрігерлік мамандықты меңгеруге кіріседі.
Олар ақырында өз дегендеріне жетіп, білімді мамандарға айналады. Олар бұрынғыдай қымбат киімдер мен сән-салтанатты мейрамханаларға баруды доғарса да қазір әлдеқайда бақытты екендерін айтады.
“Ұлымның трагедиясына дейін мен өз жанымды шопинг жасап тынышталдыратын едім. Бірақ ұлымнан айырылу өмірдің мен үшін қаншалықты бос болғанын ұғындырды”, – дейді 44 жастағы Дипали.
Дипали алғаш рет 2002 жылы жүкті болған. Ал сол уақытқа дейін оның өмірі жеп-жеңіл әрі қиындықсыз өткен.
“Ол кезде мені бір ғана нәрсе ойландыратын, қандай көлік сатып алсам екен – Prada, Gucci немесе Nicole Farhi? Ал Кристианның маған қандай сөмке сатып аларын білмей басы қататын. Ақырында бірден бесеуін алып келеді. Оның әрқайсысының бағасы 500 доллардан жоғары”, – дейді ол.
Ал ұлдарынан айырылған кезде Дипали өмірінің мағынасы қашып кеткендей күйді бастан кешеді. Осыдан соң Дипали кешкі уақытта хосписте науқастарға көмек берсе, Кристиан ауруханадағы ВИЧ бөлімінде ерікті болып істей бастаған.
Әйел медицинаға қызыға бастайды. Әріптесінің және күйеуінің қолдауымен ол Ноттингем университетіне оқуға түседі. Сол уақыттарда олардың екінші балалары Сачин өмірге келеді. Дипали баласын тіпті емтихан кезінде де емізіп отырған. Әйелінің қызығушылығы күйеуін де елітіп, бір жылдан соң жұмысын тастап ол да дәрігерлік мамандықты оқи бастайды.
Екі жылдан соң олардың Амбика есімді қыздары дүниеге келді. Оқу бағдарламасы олар үшін өте қиынға соққанымен, ерлі-зайыптылар бәрібір дәрігер мамандығын толықтай игеріп шығады. Қазір олар 11 және 13 жастағы балаларымен Глазгоға көшіп келген.
“Қазір мен азық-түлікті супермаркеттен сатып аламын, ал киімдерді қарапайым дүкеннен. Бұрынғыдай байлыққа ұмтылмаймыз. Бірақ, өміріміз бақытты. Біз қазір бақыттың ақшада емес екенін анық түсіндік. Біз өзімізді бұрынғыдан да бай сезінеміз”, – дейді олар.
Жіберіп алмаңыз:
Студент қыз өзімен төсектес болғысы келетін жігіттермен суретке түсіп жүр (фото)
Аралары 60 жас: Махаббаттың жасқа қарамайтынын дәлелдеген қос ғашық
49 жастағы «әже» Инстаграмдағы ең сексуалды әйел атанды (фото)
Анасы қызының төстартқышын шешіп жіберген сыныптасын ерекше әдіспен жазалады