Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Біз мінсіз емеспіз»: Лидо некеде болған 10 жыл ішінде көрген қиыншылығымен бөлісті

Лидо отбашылық қуанышымен бөлісті. Әнші күйеуімен отасқанына 10 жыл толғанын айтып, осы уақыт аралығында бастан өткерген қиыншылығы туралы баяндады. Ол азды-кем тәжірибесімен бөлісіп, күйбең тіршіліктің салдарынан сүйіктісіне көңіл бөлуді естен шығарғандарға кеңесін берді, деп жазады Stan.kz.

“Биыл отасқанымызға 10 жыл толып жатыр екен. Ой, бұл жылдар ішінде басымыздан не өтпеді? Біз мінсіз емеспіз, әркімнің өз мінезі бар, әсіресе мінез деген менде баршылық. Шынымды айтсам, шет жақтарға бірге жиі шықпайды екенбіз. Тіпті, биылдың өзінде Мальдив аралдарына сапарымызды жоспарлаған жоқпыз. Бірақ ойға түйгенім, әр отбасы демалып тұруы тиіс.

Иә, көптеген отбасылар жылына бір рет болса да демалысқа барып тұрады. Біреу Түркияға, енді біреу Дубайға, үшіншілер Алакөл не Ыстық көлге жол тартады. Қысқасы, отбасылық бюджетке байланысты таңдау жасайды. Балалармен, ата-аналармен бірге қыдырған жақсы ғой. Бірақ екі адам оңашада демалып тұруы керек екен. Менің ойымша, бұл әр отбасына қажетті нәрсе. Себебі күйбең тіршіліктен, әке мен аналар жұмысбасты, ал үйде отыратын әйелдердің тірліктен қолы босамайды (кір жуу, үй жинау, киім үтіктеу, ас әзірлеу, т.б.). Осының бәрінен үйленгенге дейін, отбасын құрғанға дейін сүйіктіңмен ара-қатынасың қандай болғанын да ұмытып кетесің. Ал өткенді еске алып, бәрін шетке ысырып, оңаша қалу – маңызды. Ол үшін шалғайға жол тартудың қажеті жоқ. Мысалы, біздің Алматыда әдемі жерлер өте көп. Бірнеше күнге тауға, балық аулауға баруға болады. Алматы облысында не көп, көл көп. Қысқасы, өмір қамшының сабындай ғана қысқа. Сондықтан жиі сүйіктіңізбен бірге уақыт өткізіңіз”, – деп жазды Лидо желідегі парақшасында.

Жіберіп алмаңыз:

Гүлзира Айдарбекова жарының айтқанына еріп, туған бауырына қастандық жасағандарды сынады

«Халқымыздың ұлы қызы»: Алагөзовтің әкесі болашақ келіні Баянға ән арнады (видео)

Лондон төрінде “Қара жорға” билеген Тәуекел Мүсілім жұртты сүйсіндірді (фото, видео)

Асхат Садырбай бірінші әйелі Еркемен шығармашылық байланыста екенін айтты

 

Талқылау