Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз кәсіпті де ойладық": Экология министрлігінде неліктен жаңа заң жобасында дельфинарийге тыйым салынбағанын түсіндірді

Экология министрілігінде неліктен жаңа заң жобасында дельфинарийге тыйым салмағанын түсіндірді. Бір жыл бұрын белсенділер президентке хат жазып, дельфинарийге тыйым салуды сұраған. Министрліктер белсенділер көтерген мәселені жануарларды қорғау туралы заң жобасында қарастыратынын мәлімдеген еді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

дельфинарий

Мәжіліске келіп түскен жаңа заң жобасында дельфинарийге қатысты мәселе тек бір рет жазылған.

"Жануарларды күту, тасымалдау олардың биологиялық және жеке ерекшеліктеріне сай болмаса әрі өмірлеріне қауіпті болса, оларды жылжымалы аң көрмесінде, жылжымалы зообақта және дельфинарийлерде ұстауға тыйым салынады", – делінген заңда.

Экология, геология және табиғи қорлар вице-министрі Әлия Шалабекова баспасөз мәслихатында заң жобасының жауапты органдардың жаңа қызметін нақтылайтынын айтты. Мұның негізінде олар жануарларды белгілі тәртіп бойынша асыруға рұқсат бере алады. 

"Белсенділер жануарлар жағдайын тұрақты тексеріп тұрады. Біз кәсіптің де осы бағытта жұмыс істей алуына жағдай жасадық. Сонымен қатар мұндай ұйымдарда жануарлар қажетті деңгейде өмір сүре алуы керек. Біз тепе-теңдікті сақтадық: жануарлардың өміріне қауіп келетін жағдайларды алып тастап, кәсіптің де дұрыс жүруіне назар аудардық", – деп түсіндірді вице-министр.


Дельфиндер туралы 7 қызықты дерек

Назархан Уән
Жұма, 08 Қазан, 2021 13:19
Талқылау