Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз қарсымыз": Ішкі істер министрі көліктердің терезесін толық қараңғылау туралы

автокөлік терезесін қараңғылау

Фото: depositphotos.com

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мәжіліс кулуарында Қазақстанда көліктердің терезелерін толық қараңғылауға рұқсат беруге қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

"Біз бұған толық қарсымыз. Қазір бізде норма бар, оған сәйкес көліктің артқы терезелерін қараңғылауға болады. Қауіпсіздік мақсатында көліктің барлық терезесін қараңғылауға болмайды. Біз бұндайға қарсымыз, ондай заң жоқ, ондай ұсыныстар түскен жоқ", – деді Ержан Саденов.

Айта кетейік, бұған дейін мәжіліс депутаты Олжас Құспеков көліктердің алдыңғы бүйірдегі терезелерін қараңғылауға рұқсат беруді ұсынған. Айтуынша, соның арқасында бюджетке жылына 50 млрд теңгеден астам кіріс түседі.

Еске салайық, бұған дейін ішкі істер министрлігі түсіндіргендей көліктің алдыңғы және алдыңғы бүйір терезелерін қараңғылауға (тонировка) тек көлік өндірісі кезінде рұқсат етіледі. Бұл жағдайда шынының жарық өткізгіштігі кемінде 70% болуға тиіс және арнайы сертификат беріледі.

Айнұр Мұхади
Сәрсенбі, 03 Қыркүйек, 2025 15:15
Талқылау