Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз еркіндікті қалаймыз": Нұр-Сұлтанда ЛГБТ белсенділері іш киіммен көшеге шықты

Нұр-Сұлтанда ЛГБТ белсенділері көшеге шығып, ЛГБТ еркіндігін қалайтындарын айтты.

«Біз ЛГБТ адамдарының бостандығын қолдаймыз» - деп айғайлады қыздар.

ЛГБТ жалаулары бар үш қыз жалаңаштана Нұр-Сұлтанның орталық көшесінде жүріп өтті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Видео Facebook-тегі "Астана – Что? Где? Когда?" тобында жарияланды. 

Видеодағы қыздардың бірі: «Біз бейбітшілік үшін, біз махаббат үшін, біз ЛГБТ еркіндігін қолдаймыз» дейді.

Айта кету керек, видеода қыздар бет-жүздерін жасырады. Бояуларынан басқа, олар жалаушаның артына жасырынып тұр.

Еске салайық, 24 тамызда Нұр-Сұлтан мен Алматы қаласының әкімдігіне ЛГБТ митингісін өткізуге өтініштер келіп түскен. Өтінімде екі күнге - 30 тамызда және 8 қыркүйекте шеру өткізуді сұраған.

27 тамызда Нұр-Сұлтан әкімдігі бұл қоғамдастықтың құқығын қорғау мақсатында ЛГБТ митингін өткізуден бас тартты.

«Өтініш беру мерзімі жергілікті атқарушы органда тіркелген күннен бастап есептеледі. Жоғарыда айтылғандарға сүйене отырып, митинг өткізуге рұқсат беру туралы жазбаша өтініш қанағаттандырылмайды, өйткені өтініш мазмұны көрсетілген нормативтік құқықтық актілердің талаптарына сәйкес келмейді», - деп жауап берді әкімдік.

Талқылау