Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біз енді көптеген бағытқа ешқашан ұшпаймыз": Қазақстандық әуе компаниясы мәлімдеме жасады

"Эйр Астана" компаниясының бас директоры Питер Фостер коронавирус дағдарысы әсерінен қазақстандық авиакомпания ешқашан ұшпауы ықтимал бірнеше бағыттарды атады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Businesstraveller басылымына сілтеме жасап.

Әуе компаниясы Ресей, Оңтүстік-Шығыс Азия мен Еуропаның кейбір қалаларына ұшпай қалуы әбден мүмкін. Бірақ олар барлық мүмкіндіктерді қарастыра отырып, мұндай жағдайдың орын алмауын қадағалаймыз дейді.

"Біз пандемияға дейін ұшып жүрген жерлердің жартысына енді мүлдем ұшпаймыз. Бірақ біз ешқашан ұшпаған, ұшып баруға болатын жерлер де бар", - деді Фостер.

Қазіргі уақытта әуе компаниясы жаңа бағыттарды қарастыруда. Фостердің айтуынша, коронавирус пандемиясы кезінде танымал бола бастаған жаңа рейстер іске қосылады.

"Адамдар демалыс кезінде саяхатқа шыққанда бір ұшақтан екіншісіне мінгісі келмейді. Олар А нүктесінен В нүктесіне бірден баруды жөн санайды. Әуе компаниясы болашақта жаңа нарықтық талаптарға бейімделу үшін Мальдив аралдары, Шри-Ланка, Вьетнамдағы Да Нанг және На Чанг, тіпті саяхатқа шектеулер жеңілдетілген кезде Пхукетке ұшады". - деді Фостер.

Коронавирустық дағдарысқа дейін Алматы мен Нұр-Сұлтан қалаларындағы хабтардан 60 халықаралық және ішкі рейстер желісін жүргізген «Эйр Астана» әуе рейстерінің көбін наурыз айында Қазақстандағы тосқауылға байланысты жұмысын тоқтатты. Тасымалдаушының айтуынша, табыс 2020 жылдың қаңтарынан қыркүйегіне дейін өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 48 пайызға төмен болды.

Сондай-ақ, авиакомпания Covid-19 дағдарысына бейімделу үшін қайта құрылымдау аясында сегіз ұшақты, оның ішінде төрт B757 және төрт Embraer 190-ды пайдаланудан шығаруды ұсынды. Олар B757 ұшақтарын Airbus A321LR ұшағына ауыстырды.

Талқылау