Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

“Біз де оң нәтиже көрсету үшін барымызды саламыз” — Байсуфинов Қазақстан құрамасының бас бапкері

Талғат Байсұфинов

Фото:Ашық дереккөзден

Қазақстан құрамасы сырт алаңда 2026 жылғы әлем чемпионатына іріктеу кезеңі аясында Солтүстік Македонияға қарсы матч өткізеді. Бұл туралы Stan.kz ақпараттық агенттігі хабарлайды.

Ойынның алдында Қазақстан құрамасының уақытша бас бапкер қызметін атқарып жатқан Талғат Байсуфинов пікір білдірді.

“Біз бүгінгі ойында да, одан кейінгі соңғы турда да мүмкіндігінше көп ұпай жинау үшін күресеміз. Мәселе тек ойындарда емес, құраманың рейтингінде де. Біз Македонияның мықты команда екенін және бұл матчтың олар үшін қаншалықты маңызды екенін түсінеміз, бірақ біз де оң нәтиже көрсету үшін барымызды саламыз”, — дейді бапкер.

Естеріңізге сала кетейік 13 қазан яғни бүгін Қазақстан ұлттық құрамасы Қазақстан уақытымен сағат 23:45-те Солтүстік Македонияға қарсы ойнайды. Балқан мемлекетінің футболшылары 6 ойыннан кейін 12 ұпаймен көшбастап келеді. Ал Қазақстан құрамасы 6 ұпаймен 4-орынға тұрақтаған.

Айнұр Мұхади
Дүйсенбі, 13 Қазан, 2025 12:04
Талқылау