AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
AAPL
138.93 $
1.62 %
TSLA
681.79 $
1.24 %
NDAQ
155.59 $
2 %
GOOGL
2174.75 $
-0.21 %
FRHC
44.39 $
0.09 %
Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біз әскери іс-қимылды тоқтатуға шақырамыз – Ресейдегі Қазақстан елшісі

Қазақстанның Ресейдегі елшісі Ермек Көшербаев Украина мен Ресейді әскери іс-қиымлды тоқтатуға шақырды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

Көшербаев әскери жанжал салдарынан екі тараптан да адамдар мерт болғанын айтып өтті. Егер әрі қарай жалғасса, аймақтық және халықаралық қауіпсіздік жүйесінің бұзылуы алып келетінін атап өтті. 

"Біздің мемлекет халықаралық мәлелелерді БҰҰ халықаралық құқықтары мен қағидалары негізінде бейбіт жолмен шешуді қолдайды. Осы себепті біз келіссөздердің басталуы үшін жасалған кез келген қадамды қолдаймыз. Мемлекеттерді ерікті түрде әскери іс-қимылды тоқтатуға, ал әлемді және халықаралық ұйымдарды жағдайды дипломатиялық жолмен шешуде атсалысуға шақырамын", – деді елші.

Ермек Көшербаев жағдайды бейбіт келіссөз бағытына бұру үшін Қазақстанның көмек көрсетуге және қажет болса, келіссөз алаңын ұсынуға дайын екенін айтып өтті.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Қазір оқып жатыр