Биыл ҰБТ-ға қатысты түлектерге көмек болатын бірнеше жеңілдіктер енгізіледі
Биылғы ҰБТ-ға қатысты қандай жеңілдіктер енгізіледі? Мектеп түлегі ұлттық ЖОО-ға түсу үшін қанша балл жинауы керек? Бұл туралы Ерлан Сағадиев мәлімеді, деп хабарлайды Қазақпарат.
«Бітірушілерге арналған жағдайды жетілдіру мақсатында ағымдағы жылы келесі жаңалықтар енгізілуде. Бірінші, әр түлекке университетке құжат тапсырар алдында берілетін ҰБТ сертификатында балалар тапсырған пәндеріне сәйкес мамандықтар тізімі, әр мамандыққа бөлінген гранттардың саны және өткен жылғы гранттар конкурсының нәтижелері, яғни әр мамандыққа былтырғы жылы қандай балмен өткені туралы ақпарат жазылады. Бұл бітірушіге ҰБТ-да жинаған балын ескере отырып, мамандықты дұрыс таңдауға мүмкіндік береді», – деді Ерлан Сағадиев.
Министрің айтуынша, түлектер ҰБТ-ға ғатыса алмаған жағдайда өзге топпен тестті тапсыра алады. Оған дәлелді себеп керек. Сонымен қатар, қосымша көмекті қажет ететін балаларға жеке көмекші, суроаудармашы сынды мамандар беріледі. Одан бөлек түлектер ҰБТ-ға қатысты сұрақтарды Call-орталыққа хабарласып біле алады.
«Ағымдағы жылдан бастап «Алтын белгіге» ие болған түлектер білім беру гранттарын тағайындау кезінде балдары тең болған жағдайда ғана басымдық ала алады. Бұл заң Парламентте қолдау тапты және аталған заңға Елбасы қол қойды. Ағымдағы жылдың тамызы және келесі жылдың қаңтар айларында ЖОО-лардың ақылы бөліміне түсу мүмкіндігі сақталған. Осы норманың арқасында былтыр 30 мың жас жоғары оқу орнында білім алу құқығын қол жетізді», – деді министр.
«Осы жылы ҰБТ 15-рет өткізіледі. 15 жылдың ішінде ҰБТ-ға 1,5 миллионнан астам мектеп бітіруші қатысты. Бұл барлық мектеп бітірушілердің 80 пайызын құрайды. 2017 жылға дейін ҰБТ үш қызметті атқарды. Бірінші – 11 жылдық оқуды анықтайтын қорытынды ретінде бітіру емтиханы, екінші – ЖОО-ларға түсу емтиханы, үшінші – бітірушілерге мемлекеттік гранттарды тағайындау тетігі. Өздеріңіз білетіндей, тестілеудің бұл форматы 2017 жылы өзгерді. Енді қорытынды аттестаттау немесе бітіру емтихандары мектепте өткізіледі. Ал ҰБТ ЖОО-ларға түсу және мемлекеттік гранттарды тағайындау емтиханы болып қалып отыр»,- деді ол.
«ҰБТ-ны өту мерзімі және берілетін тест сұрақтарының саны өзгерген жоқ. ҰБТ 20 маусым мен 1 шілде аралығында ҰБТ өткізетін 187 пунктте ұйымдастырылады. Барлық тест сұрақтарының саны – 120, ең жоғары балл – 140, шекті балл – 50. Ұлттық жоғары оқу орындарына түсу үшін 65 балл жинау қажет. Бүгінгі күнге барлық ҰБТ пәндері бойынша тест сұрақтарының базасы қалыптасқан. Осы жылы тест сұрақтарының базасы 50 пайызға жаңартылды. Тест сұрақтары функционалдық сауаттылыққа, яғни, ары қарай оқуға қабілетін, логикалық ойлау деңгейін, базалық түсініктерін анықтауға бейімделген», – деді Ерлан Сағадиев.
Тағы да оқыңыз:
Жанкүйерлері Самал Еслямованы әуежайдан ерекше салтанатпен күтіп алды (фото)
Алматыда оқушы қызға шабуылдаған «вампир ер адам» ұсталды (фото)