Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда оқушы қызға шабуылдаған «вампир ер адам» ұсталды (фото)

Алматыда оқушыны бас салған ер адам ұсталды. Оқиға Медеу ауданында болды.

Суреттер Instagram желісіндегі qazaqstanda тобынан

Қалалық ІІД бұл ақпаратта жартылай растады, деп хабарлайды Sputnik.

«1988 жылғы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол есін толық білмейді. Бөтен адамдарға, оның ішіне 7-сынып оқушысына тап берген. Оқиға орнына келген дәрігерлер ер адамды психоневрологиялық диспансерге жатқызуға алып кетті. Қазір оның есепті бар-жоғы тексерілуде», – дейді ІІД-нің ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Қыздың ата-анасы оқиғаға қатысты арыз жазды.

ІІД ер адамның қызды тістегені жайлы ақпаратты растаған жоқ.

«Қызды тістемеген, тек артынан шабуылдаған. Оның не себепті бұлай істегені белгісіз. Біреулер оның өзге де жаяу жүргіншілерге шабуылдағанын айтады. Қазір тергеу жүріп жатыр», – дейді Әзірбек.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда лифт шахтасынан құлаған екі жасөспірім көз жұмды

ОҚО-да 15 жастағы қыз 60 жастағы жездесінен бала босанған

Алматыда менингиттен көз жұмған баланың туыстары: Ешкімге кінә артпаймыз

Талқылау