Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Алматыда менингиттен көз жұмған баланың туыстары: Ешкімге кінә артпаймыз

Менингокок жұқпасынан көз жұмған 5 жасар баланы туыстары дәрігерлерді кінәламайды, деп хабарлайды Қазақпарат.

«Дәрігерлерге де, балабақша мен бассейн иелеріне де кінә тақпаймыз. Ауруды қайдан жұқтырғанын білмейміз ғой. Дәрігерлер қолынан келген көмектерін аямады, қан ауыстырды. Алайда баланы құтқарып қалу мүмкін еместігін айтты. Көз жұмған баланың ата-анасының жағдайы ауыр. Бала туралы ақпарат пен дәрігердің қорытындысы желіні шарлап, тіпті сонау Германиядағы туыстарына жеткен. Жеке мәліметтер өзге біреудің қолына қалай түскенін білмей отырмыз. Мұны таратушыны табу үшін прокуратураға арыз жазамыз. Біз қайғыға батып отырмыз, ал олар мұны өз мақсаттарына пайдалануда»,-деді марқұмның туыстары.

Марқұм баланың қасында болған балалар да дәрігерлер қарамағында.

Айта кетейік, 18 мамыр күні 5 бала ауруханаға түсіп, артынша көз жұмған еді. Баланың дене қызуы көтеріліп, құса берген соң ата-анасы ауруханаға әкелген. Ата-анасы баласының балабақшада ауырғанын айтады.

Тағы да оқыңыз:

Атырауда лифт шахтасынан құлаған екі жасөспірім көз жұмды

Шымкентте 40 немересі бар ерлі-зайыпты екінші рет үйленді (фото)

Жанар Дұғалова жақында тұрмысқа шығатынын айтты (видео)

Талқылау