Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл трансгендерлер алғаш рет қажылыққа бармақ

Пәкістанның ер трансгендерлері биыл алғаш рет қажылыққа аттанады.

Синд Атифа провинциясының комиссары Амина Хусейннің айтуынша, трансгендердер ерікті топ ретінде қажылыққа аттанбақ. Олар трансгенерлердің құқығы бәрімен бірдей деген ұйым атынан қатысады. Оларды іріктеп алу үшін арнайы тест пен физикалық дайындықтан өткізеді.

«Бұл шара қоғамдағы трансгендерлерге деген сын көзқарасты өзгертуге бағытталған. Сонымен қатар трансгендерлердің өзіне деген сенімін қалыптастыруға көмектеседі», – дейді комиссар.

Пәкістан 2009 жылы үшінші жынысты қабылдаған әлемдегі алғашқы мемлекет. Елде қазір жарты миллионға жуық трансгендер тұрады. Ел оларды ресми түре  қабылдағанымен, әлі күнге дейін өзгелер тарапынан кемсітушілік сынға ұшырап жатады.

Қажылық – Исламдағы бесінші парыз. Ол бес күнге созылады. Осы уақыт аралығында Қағбаны 7 рет айналып үлгеру керек. Қажылықтың өзіндік ережесі бар. Оны бұзған адамның қажылығы қабыл болмайды. Қажылығын өтеп келген адам қажы атанады.

Тағы да оқыңыз:

Қатігез бала күтушінің сәбиді аяусыз ұрып жатқаны бақылау камерасына түсіп қалған (видео)

Ер адам өз ұсынысынан бас тартқан әйелдің бетіне қышқыл шашып жіберген

Тәрбиешісі балабақша маңында ұмытып кеткен 3 жасар қыз үсіп өлді

Талқылау