Биыл Қазақстанда зейнетақы қаражатын шешу үшін жеткілікті шек өспейді

Фото: Stan.kz
2026 жылы Қазақстанда Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қаражатты мерзімінен бұрын алу үшін минималды жеткілікті шегі көтерілмейді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегайдың айтуынша, жыл басынан бері жеткілікті шек онсыз да өскен.
“Әлеуметтік кодекске сәйкес, келесі кезеңде қолданылатын жеткілікті шек жаңа жылдың басталуына кемінде бір ай қалғанда БЖЗҚ ресми сайтында орналастыру керек, — деді Шегай мәжілістегі кулуарларда.
Зейнетақы шегі тағы өседі: Қазақстандықтарға енді жинақты пайдалану қиындай түспек
ОқыңызБұған дейін Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Аскарбек Ертаев соңғы бес жылда тұрғындар зейнетақыдан шамамен 5 триллион теңге шешкенін айтты. Оның ішінде 20-35 жас аралығындағы азаматтар шамамен 1 триллион теңге алған.
Еске салайық, бұған дейін сарапшылар Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қорында (БЖЗҚ) зейнетақы жинақтарын мерзімінен бұрын алуға тыйым салуды қолдамайтынын айтты. Олар ең болмағанда көп мөлшерде жинағы барларға қаражатты алуға рұқсат ету керек екенін ұсынды. Алайда қор қаражатты үнемі алу болашақта қиындық тудыратынын ескертті.
Қазақстандық егіз қызы мен ұлын зорлап келді деп айыпталды: Анасы бірнеше жылдан бері әділдікке қол жеткізе алмай жүр