Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Биыл медициналық мамандықтарға 3 мыңнан астам білім гранты бөлінді

2017-2018 оқу жылына медициналық мамандықтар бойынша мемлекеттік білім беру тапсырысы 3150 грантты, оның ішінде «Жалпы медицина»  мамандығы бойынша мемлекеттік  тапсырыс 2700 орынды құрайды.

9671-6-glavnyi_itog_ent_2015_g_ru

Бұл туралы Вnews.kz хабарлайды.

Университеттің ерекше статусын (ұлттық университет) ескере отырып,  2017 жылғы 27 шілдедегі  ҚР Денсаулық сақтау министрінің № 560 бұйрығымен тек Санжар Асфендияров атындағы Қазақ  ұлттық мемлекеттік  университетке мемлекеттік білім беру тапсырысы бекітілген  (Жалпы медицина – 385 орын, оның ішінде 270 қазақ тілінде оқытуға; Педиатрия – 150, оның ішінде 100 қазақ тілінде оқытуға; Стоматология – 20, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқытуға; Мейіргер ісі – 20, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқытуға; Фармация – 15, оның ішінде 10 қазақ тілінде оқытуға; Қоғамдық денсаулық сақтау – 10, оның ішінде 5 қазақ тілінде оқытуға).

Басқа медициналық жоғары оқу орындары бойынша квота бөлінбеген  және жалпы конкурс өткізіледі, бұл талапкерлердің таңдаған жоғары оқу орнына түсу мүмкіндігін арттырады.

Барлық білім беру ұйымдары «Жалпы медицина» мамандығы бойынша білім беру қызметіне лицензиясы  бар ҚазҰМУ және жалпы конкурс бойынша басқа медициналық  жоғары оқу орындарына  мемлекеттік білім беру тапсырысына талапкерлердің құжаттарын қабылдайды.

Тағы да оқыңыз:

Талқылау