Биыл еліміздің он екі аймағында коммуналдық қызмет бағасы өседі
2018 жылы Қазақстанның басым аймақтарында коммуналдық қызмет бағасы өседі. Бұл туралы Ұлттық экономика министрлігіне қарасты Табиғи монополияларды реттеу комитетіне сілтеме жасап ҚазАқпарат хабарлайды.
Қазақстанның аймағы: Ақмола, Ақтөбе, Қостанай, Батыс Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қарағанды (Жезқазған қаласы), Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан облыстарында, Алматы және Астанада су бағасы қымбаттайды. Сонымен бірге, жылу, газ тарифтері де жоғарылайды.
Аталған комитеттің аймақтық басқармаларында 2018 жылдан бастап электр қуатының бағасын өсіру туралы компаниялардың өтініштері қаралып жатқаны хабарланды.
Сонымен қатар электр қуатының тарифтері Қазақстан үкіметі жанындағы экономикалық саясат кеңесі анықтайтын инфляция дәлізінің шегіне сәйкес белгіленеді деп айтылған.
Оқи отырыңыз:
Әнші Жазира Байырбекова өзіне гаухар тасты сырға алмақ болған ақшасын балалар үйіне берді
Қайрат Нұртастың жұбайы енесі туралы бар шындықты жайып салды
Төреғали Төреәлі өзі құрметтейтін ел азаматтарының есімін атады
Белгілі айтыскер ақындар Сәкен Майғазиевке арнап жарыса өлең жазып жатыр
Атышулы Дәурен Айдарқұлов: Мекке шаһарына баруды жоспарлап отырмын