Соңғы жаңалықтар

Бішкекте қазақстандықтардың ақшасын алдап алған "Estate Ломбард" басшысы ұсталды

Қырғызстан астанасы Бішкекте қаржы пирамидаларын ұйымдастырушылардың бірі ұсталды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

гарант24

"Қазақстан полициясының сұрауы бойынша Қырғыз Республикасында "Еstate Ломбард" ЖШС директоры Әсет Ысқақов ұсталды", - деп мәлімдеді Polisia.kz.

Әсет Ысқақов ақпан айында шекарадан өтіп, Бішкекте жасырынған. Қазақстандық және Қырғыз полицейлерінің өзара іс-қимылының нәтижесінде іздеуде жүрген Ысқақов Бішкектің уақытша ұстау изоляторына қамалды. Қырғызстанның құзыретті органдарына оны Қазақстанға экстрадициялауға материалдар жіберілді.

Осылайша, елден қашқан үш компанияның жетекшілері қазір қамауда отыр.

Жедел-тергеу шараларының нәтижесінде полиция жалпы алғанда 17 күдіктіні ұстады.

Ішкі істер органдары 42 мыңнан астам қазақстандықтардың мүлкі мен ақшалай қаражатын алаяқтық жолмен иеленген "Гарант 24 Ломбард" ЖШС, "Еstate Ломбард" ЖШС және "Выгодный займ" ЖШС қаржылық пирамидалар басшыларына қатысты сотқа дейінгі тергеуді жалғастыруда. 27 ақпанда Қазақстан ІІМ- нің сұрауы бойынша Кишиневте (Молдова) тәртіп сақшылары "Гарант 24 Ломбард" ЖШС құрылтайшысы Аслан Мырзабеков құрықталды. 28 ақпанда Қазақстан мен Ресей шекарасында "Выгодный займ" ЖШС құрылтайшысы Жанболат Есіркепов ұсталды.

Бұған дейін “Гарант 24 Ломбард” ЖШС-ның негізін қалаушы Аслан Мырзабеков телефон арқылы Арман есімді криминалды авторитеттің ықпалымен халықтан кешірім сұраған видеосы тараған болатын

Ал осы қаржы ұйымдарын жарнамалаған жұлдызда әлі де ақталып әлек.

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Елордада "мейірімді" қылмыскер ұсталды

Қарт әйелді тонады деген күдікпен ер адам ұсталды

Қазақстанда 2020 жылдың жазында ауа райы қандай болады

Синоптиктер осы жылдың жазы мен күзіне арналған ауа райы болжамын ұсынды

42500 теңге алуға 1 млн табысы бар азаматтар да өтініш берген - Еңбек министрлігі

Осындай екі мыңға жуық азамат өтініш берген

Димаш мұқтаж отбасыларға 5 тонна азық-түлік жіберді

Әнші бұл туралы өзі аййтпаған

Еңбек министрі банкте есепшоты жоқ адамдарға 42500 теңгелік төлемді қалай алуға болатынын айтты

Министр: Банкте есепшот ашуға асықпай-ақ қойсаңыздар болады

Білім министрлігі телеарнадағы сабақтар неге 10 минутқа ғана созылатынын түсіндірді

Шолпан Каринова бейнесабақты көргеннен кейін оқушы өз бетінше жұмыс істеу үшін белгілі бір тапсырмалар алатынын айтты.

Бейресми жұмыс істеген қазақстандықтар 42500 теңгені алатын болды ма? Министр түсініктемесі

Еңбек министр: Ол үшін өз дәрежелеріңізді рәсімдеулеріңіз керек

Декреттегі аналарға 42500 теңгелік жәрдемақыға өтініш білдіруге рұқсат берілді

Министр: Балалы әйелдің декретте жатқанына бір жылдан асса, жәрдемақыға іліне алады

42500 теңге: Еңбек министрі "жаңа өзгерістер" туралы ақпаратқа түсініктеме берді

Министр әлеуметтік желі авторларының жазбасына жауап берді

42500 теңге жәрдемақыны алу үшін өтінім беруге арналған жаңа бот іске қосылды

Ол үшін Telegram мессенджеріне кіру керек
Çàãðóçêà...