Бішкекте бір тәулікте екі мэр тағайындалды

Қырғызстан астанасы мэрінің міндетін уақытша атқарушы болып Алмаз Бакетаев тағайындалды,  деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Бұған дейін Бішкек қаласының мэрі қызметін Жоошбек Коеналиев атқарды, бірақ ол бұл орындықта тіпті бір тәулік те отырмады. 

Елордадағы жағдайды реттеу жөніндегі Үйлестіру кеңесі президент әкімшілігі мен Жогорку Кенеш орналасқан "Ақ үй" ғимараты бүлінгеннен кейін Коеналиевті алып тастауға шешім қабылдады.

"Коеналиевтің басты міндеті мэрия ғимаратын сақтау болды. Жогорку Кенеш ғимаратына не болғанын бәрі көрді, біз мұндай нәтижеге жол бермеуіміз керек еді", — деп түсіндірді мэрияда.

Сондай-ақ, қала әкімшілігі Коеналиевтің қиын жағдайға байланысты жұмысты ұйымдастыру үшін күні бойы муниципалдық қызметтермен айналысқанын хабарлады. 

Сонымен қатар, Финпол сияқты ғимараттардың және басқа да стратегиялық нысандардың  қауіпсіздігін қамтамасыз ететін жасақшылар тобы құрылды.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр