Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық соты да тікелей эфирде өтеді

Әйелін азаптап өлтірді деп сотталған Қуандық Бишімбаев пен қылмысты жасырған Бақытжан Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша сот тағы да тікелей эфирде өтеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Жоғарғы сот сот отырыстары тағы да онлайн өтетінін мәлімдеді. Бишімбаев пен Байжановқа қатысты қылмыстық іс апелляциялық сатыға түсті.  11 маусымдағы қаулымен іс 2024 жылғы 26 маусым сағат 10.00-де қаралады. 

“Қоғамның сот процесіне қызығушылығының артқанын ескере отырып, апелляциялық сатыдағы сот отырыстарының онлайн-трансляциясын жалғастыру туралы шешім қабылданды. Сот отырыстары тікелей эфирде өтеді. Бұл сот процесінің барысы туралы барлық ақпарат Жоғарғы соттың әлеуметтік желілердегі ресми аккаунттарында жедел жарияланады”, – делінген хабарламада.

Еске салайық, 13 мамырда әйелі Салтанат Нүкенованы қинады және өлтірді деп айыпталған бұрынғы экономика министрі Қуандық Бишімбаев сотталған еді. 

Сондай-ақ елордалық әйел Бишімбаевтың туыстарынан 100 миллион теңге жымқырды деп айыпталды.

Талқылау