Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бишімбаев ісі: Жоғарғы сот Бақытжан Байжановтың шағымын қарайды

Жоғарғы сот Ұлттық экономиканың экс-министрі Қуандық Бишімбаевтың сотталған ағасы Бақытжан Байжановтың шағымын қарайды. Үкіммен келіспеген Бақытжан Байжанов жоғары сот органына шағым түсірген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жоғарғы соттың баспасөз қызметі

Сот кеңсесінің хабарлауынша, Байжановтың кассациялық шағымы сәрсенбі, 4 қыркүйекте қаралады.

Фото: office.sud.kz

Алайда Қуандық Бишімбаевтың өзі әлі Жоғарғы сотқа шағым түсірген жоқ. Бұл туралы оның адвокаты Ерлан Ғазымжанов хабарлады.

"Бүгін Жоғарғы сот К.В. Бишімбаев пен Б.А.Байжановтың үстінен қылмыстық іс қозғалғанын және оның адвокаттары Жоғарғы Сотқа шағымданбағанын хабарлады", – деп жазды ол.

Еске салайық, 13 мамырда Астанада Салтанат Нүкенованың өліміне қатысты сот процесі аяқталды. Сот бұрынғы ұлттық экономика министрі Қуандық Бишімбаевты әйелін азаптап, өлтіргені үшін кінәлі деп тапты. Ол 24 жылға бас бостандығынан айырылды.

Оның ағасы Бақытжан Байжанов қылмысты жасырғаны үшін кінәлі деп танылып, төрт жылға бас бостандығынан айырылды. Ал 26 маусымда сот алқасы Бишімбаев пен Байжановтың апелляциялық шағымы бойынша үкімдерін өзгеріссіз қалдырды.

Талқылау