Сыныптастарынан қорлық көрген бисексуал бала өзіне қол жұмсаған
Америка тұрғыны Шерил Хадсон өзінің Facebook парақшасында өлген баласының табытта жатқан суретін жариялады.
Сурет: Шерил Хадсонның Facebook парақшасынан алынды.
Бұл туралы The Daily Mail хабарлады, деп жазады Stan.kz ақпараттық агенттігі.
Миссисипи штатына қарасты Саутавен қаласының тұрғыны 12 жасар ұлының қандай себеппен қайтыс болғанын баяндады. Әйелдің айтуынша, Эндрю дәстүрлі емес сексуалдық бағытта болғандықтан, мектепте оған күн көрсетпеген. Бұндай қорлыққа шыдамаған бала өз-өзіне қол жұмсаған екен. Бала сыныптастарына бисексуал екенін айтқаннан кейін қатарластарының қудалауына ұшыраған.
«Мен олардың не істегендерін және басқа адамдарға қалай әсер еткенін білсін деймін», – деп жазды Эндрю суицидтік жазбада. Ол сондай-ақ, «біраз уақыттан бері өзіне-өзі қол жұмсауды» ойлаған екен.
Ұлының қатарластарынан қорлық көріп жүргенін естіген Хадсон бірнеше рет мектепке барып оқушыларға шағымданған. Бірақ оның әрекетінен ештеңе өзгермеді. Сонымен қатар, бірнеше жыл бұрын бұл мектепте осы жағдайға қатысты оқиға болған. Нәтижесінде мектеп оқушысы қатарластарының қорлығына шыдамай өз-өзіне қол жұмсаған.
Ұлынан айырылып қайғыдан қан жұтқан ана баласының табытта жатқан суретін әйдеі жариялапты. Ол мектеп оқушыларының басқа балаларға көрсеткен қорлығынан қандай нәтиже шығатынын көрсеткісі келген.
Жіберіп алмаңыз:
Жолбарыс өзін асырап өсірген зообақ қызметкерін өлтіріп тастады
84 жастағы ер адам миының бір бөлігі жоқ болса да, өмір сүріп келген
Адамзат 2600 жылы жойылады: Стивен Хокингтің үш болжамы
Аяғының ұзындығы 108 сантиметр болатын бойжеткен желіде танымал болды