Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртуған бауырларды ажыратқысы келмеген жұп 5 баланы бір-ақ асырап алды

Көп жылдан бері бір перзентке зар болған жұп бір сәтте бес баланы бір-ақ асырап алды. Бұған Хулио есімді жасөспірім себепші болды.

4-11

Жер бетінде көптеген жұп бір перзентке зар болып жүр. Олардың арасында Аргентина тұрғындары Клаудио Коккалон мен Мариэль Ржепеска де бар. Дәрігерлерге жиі қаралған жұп ақыры бала асырап алуды жөн көрген. Алайда оларға рұқсат қағазы тек 10 жылдан кейін келіпті.

3-11

6-7

Олар 12 жастағы Хулио есімді баланы таңдап алады. Мариэль мен Клаудио оны бір көргеннен ұнатып, қатты бауыр басады. Әлгі баланың өзімен бір туған төрт бауыры бар екен. Жұп Хулионы көру үшін келген бауырларын құшақ жая қарсы алып жүреді.

2-13

5-11

Уақыт өте келе Мариэла мен Клаудио оларды ажыратуға болмайтынын түсінеді. Нәтижесінде оның бауырларын да қоса асырап алады. Бұл оқиғаның дәл осылай аяқталғаны кімді болса да қуантатыны анық.


Жіберіп алмаңыз:

Үндістандықтар адамға ұқсаған бұзауға арнап ғибадатхана салмақ

Америкалық гей тұңғышын өзі дүниеге әкелмек

Биік өкшелі туфли киген қария жұртты таңқалдырды

Ит өзінің иесін қаққан көлікті қуып жетіп тоқтатты (видео)

Талқылау