Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртанов Ericsson Nikola Tesla-мен жасаған келісімшарты үшін қамалуы мүмкін

Нұр-Сұлтандағы тергеу процесі кезінде прокурор Төлеген Жараспаев бұрынғы денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановқа қандай айып тағылғанын айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі "КТК" арнасына сілтеме жасап.

Біртанов

Оның айтуынша, сотқа дейінгі тергеу барысында 2015 жылы денсаулық сақтау министрлігі хорватиялық Ericsson Nikola Tesla компаниясымен "Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерін ақпараттандыру және өзара әрекеттесу платформасы" автоматтандырылған ақпараттық жүйесін жеткізуге 17,8 млн теңге көлемінде келісім шарт жасасқан.

Платформа деректердің бірыңғай жүйесі болып, денсаулық сақтау саласының барлық ақпараттық жүйелерін біріктіруі керек еді. Бұл жүйе пациенттердің денсаулығы туралы тиісті мәліметтерді автоматтандыруы керек болатын. Алайда жоба жүзеге асырылмаған.

"Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов платформаның жұмыс істемейтіндігі туралы біле тұра, Олжас Әбішевпен алдын-ала келісім бойынша 2018 жылдың қазан айында Батыс-Қазақстан, Шығыс Қазақстан облысы, Нұр-Сұлтан қаласының 17 медициналық мекемесінде платформаның пилоттық жұмысын жүргізу туралы бұйрыққа қол қойды. Іс жүзінде пилоттық жүйе іске қосылмаған", - дейді қадағалаушы органның өкілі.

Тергеу мәліметтері бойынша, 2019 жылдың қаңтарында Елжан Біртанов 17 денсаулық сақтау ұйымында пилоттық жүйе іске қосылды деп ақпарат беріп, премьер-министрге жалған ақпарат жіберіп, ел басшылығын адастырған. 

Сонымен қатар, вице-министр Олжас Әбішев Елжан Біртановтың нұсқауы бойынша 2018 жылдың қазан айында Эриксон Никола Тесламен "Мемлекеттік сатып алу туралы" Заңды қолданбай,  2018 жылдың 22-25 қазаны аралығында астананың Тәуелсіздік сарайында өткен Digital health Astana көрмесінде Елжан Біртанов, Олжас Әбішев және Ericsson президенті Никола Тесла Ковачевич көрермендерге салтанатты түрде жүйенің жобасын ұсынған. Электрондық денсаулық паспорты ретінде жасалуы керек жүйе шын мәнінде іске қосылмаған болып шықты.

"2019 жылдың 9 қаңтарында Елжан Біртанов Әбішевпен келісе отырып, платформаны тәжірибелік пайдалануға беру туралы 5-бұйрыққа қол қойды. 2020 жылы 16 қаңтарда Біртанов премьер-министрдің орынбасарына платформа сынақ кезінде анықталған ескертулерді жою жұмыстарын жүргізіп жатыр деп хабарлайды. Платформаның жарамсыздығы туралы біле отырып, Елжан Біртанов платформаны коммерциялық пайдалануға беру туралы 2020 жылғы 17 ақпандағы 19-бұйрыққа қол қойды ", - деп жалғастырды мемлекеттік айыптаушы.

Прокурор Төлеген Жараспаев платформа қолданылмай жатқанын, оның Денсаулық сақтау министрлігінің ақпараттық жүйелерімен интеграциясы жүргізілмегенін, бұл пандемия кезіндегі денсаулық сақтау органдарының жұмысына кері әсер еткенін баса айтты.

"Елжан Біртанов, Олжас Әбішев және басқа адамдар өздерінің қылмыстық іс-әрекеттерімен сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке аса ірі көлемде 1,5 миллиард теңге немесе 4,1 миллион доллар көлемінде материалдық зиян келтірді", - деп нақтылады мемлекеттік айыптаушы.

Еске салсақ, 2020 жылдың 30 қазанында Елжан Біртанов күдікті деп танылып, "Нұр-Сұлтан" мамандандырылған ауданаралық сотымен қамауға алынды. 6 қарашада сот бұлтартпау шарасын үй қамағына ауыстырды. Денсаулық сақтау министрлігінің экс-басшысына үйден шығуға тыйым салынды. 


Талқылау