Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біртанов ұзақ демалыс алғаны үшін сынаған маңғыстаулық басшы қызметінен кетті

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасының жетекшісі Талғатбек Бапиев қызметінен кетті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап. 

Біртанов

Талғат Бапиев денсаулық сақтау басқармасын 2017 жылдың желтоқсан айынан басқарып келеді. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының жұмыстан кетуін жаңа қызметке ауысуымен байланыстырды. 

Маңғыстау облысы мемлекеттік қызмет жөніндегі департаменттің баспасөз қызметіндегілер бұрынғы басшының тәртіптік жауапкершілікке тартылатынын жеткізді. 

«Ақтау өңірлік департаменті мен облыстық еңбек инспекциясы басқармасы облыстық денсаулық сақтау басқармасында тексеру жүргізіп, заң бұзушылықтар бар екенін анықтады. Мысалы, тексеріс шаралары барысында №1 Ақтау қалалық емхананы директоры қызметіне бұрын пара үшін істі болған азаматтың жұмысқа алынғаны белгілі болды. 

Сондай-ақ, ұзақ уақыт конкурстық процедуралар жүргізілмеген №1 Ақтау қалалық емханасына, №1,2,3 Жаңаөзен қалалық емханаларына, Маңғыстау облыстық жедел жәрдем станциясына, Боранқұл ауыл ауруханасына, облыстық балалар ауруханасына, Мұнайлы орталық аудандық ауруханасына жетекшілердің қызметін атқарушылар қабылданғаны белгілі болды», - ведомство баспасөз қызметіндегілер. 

Естеріңізге сала кетсек, осы уақытқа дейін Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасында заңбұзушылық анықталғаны туралы хабарлаған едік. 

Талқылау