Біртанов: Медициналық мекемелер коронавирусқа күдікті жандарды қабылдауға дайын
ҚР Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртанов үкімет отырысында Қазақстанның короновирусқа қаншалықты дайын екендігін айтып өтті.
«Қытайдағы эпидемиологиялық жағдайдың қиындауына байланысты, Қазақстан Республикасына аурудың елге енуі мен таралуын болдырмау мақсатында Денсаулық сақтау министрлігі коронавирустық инфекцияның Қазақстанға әкелінуіне жол бермеу үшін шаралар қабылдады: Қазақстан Республикасының Бас мемлекеттік санитарлық инспекторымен мемлекеттік шекара арқылы өтетін барлық бекеттерде санитарлық-эпидемиологиялық бақылауды күшейту туралы шешім қабылданды», - деді Елжан Біртанов үкімет отырысында.
Сонымен қатар, ҚХР-дан келгендерді тексеру жұмыстарына мониторинг жүргізіледі. Медициналық мекемелер короновирусқа күдікті жандарды қабылдауға дайын, осыған сәйкес 4,5 мың орын дайындалған. Жеке қорғаныс құралдарының қажетті қоры дайындалды.
«Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша ағымдағы жылдың 27 қаңтарында Қазақстан Республикасының Үкіметі жанынан Сапарбаев Бердібек Машбекұлының төрағалығымен коронавирустық инфекцияның пайда болуы мен таралуын болдырмау жөніндегі іс-шараларды үйлестіру жөніндегі ведомствоаралық комиссия құрылды, оның құрамына мемлекеттік органдар мен облыстар, Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларының әкімдіктері кірді», - деді министр.

"Шетелде билетсіз, қонақүйсіз далада қалдым": Қазақстандықтар авторлық тур сатып аламыз деп 2 млн теңгеге дейін қаражаттарынан қағылған
