Біртанов: "Аймақтарда коронавирустың таралу шегі енді ғана басталып жатыр"
Қазақстан аймақтарында коронавирустың таралу шегі енді ғана басталады. Бұл туралы Елжан Біртанов Instagram-да тікелей эфирде айтты, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.
"Әзірге қатаң шаралар мен карантин өткен екі ірі қала туралы айтатын болсақ, қоғамдық орындарда вирустың таралу төмендегенін көреміз. Біз тек анықтаймыз және жасырын ошақтарды тіркейміз. Бірақ басқа аймақтар енді ғана вирустың таралу шегіне кіріп жатыр", - деді Елжан Біртанов.
Денсаулық сақтау министрлігі басшысының айтуынша, барлығы карантиндік шаралардың тиімділігіне байланысты болады.
"Қазір әрбір өңір, қала оқшауланған, әр адам белгілі бір дәрежеде ауыруы тиіс. Карантиндік шаралардың тиімділігінен науқастардың қаншалықты көп немесе аз болуын көруге болады", - деп атап өтті Елжан Біртанов.
Естеріңізге сала кетейік, Денсаулық сақтау министрі Біртанов елімізде карантиннің созылатынын ескертті.
Талқылау

"Күйеуімді қазақша Дарын деп атайды": Ағылшын азаматына тұрмысқа шыққан қазақ қызы оқиғасын бөлісті
Даррен Чандлер: "Қазақ тілін әйелімнің тілі болғандықтан жақсы көремін"

“Келін қылып алатын қыз”: Желіде қазақша ән айтқан португалиялық ару қазақстандықтарды тәнті етті
Лара: "Қазақтар өте-өте талантты халық”