"Бірнеше көше жабылады": Қайрат Нұртастың концертіне байланысты полиция департаменті үндеу жасады

Танымал әнші Қайрат Нұртастың концертіне қатысты полиция департаменті мәлімдеме жасады. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Өнер иесі Орталық стадионда жеке шығармашылық кешін өткізбек.
“Алматы полициясы Орталық стадионда өтетін Қайрат Нұртастың концерті кезінде қоғамдық тәртіп пен көрермендердің қауіпсіздігін қамтамасыз етеді. Кептелістің алдын алу үшін Абай даңғылы – Байтұрсынұлы, Мұқанов және Сәтбаев көшелерінің қиылысында автокөлік қозғалысы ішінара шектеледі", – деп хабарлайды полиция департаментінің баспасөз қызметі.
Сондай-ақ, эстрада жұлдызы келген көрерменнің бәріне көзілдірік беретінін айтты.
“Әкемнің концертіне дайындалып жатырмыз. 30 мыңға жуық көзілдірік таратамыз. Бәріңзді күтеміз”, – деп жазды қызы Алау Нұртас.
Қазақстан әйелдерінің үйдегі тегін еңбегінің құны қанша: Есептеп көрдік
Оқырман: "Әйелдер де күнделікті тұрмыстан шаршайды, кейде демалып алғысы келеді"
"Әйелдер көп күйеу алады, ерлер бетін жауып жүреді": Қыз-келіншектердің мәртебесі жоғары елдер туралы білесіз бе
Бұл елде әйелдердің алдында ерлер бетін жауып, орамал тағып, қызмет етеді