"Бірнеше қабырғасы сынып, миы шайқалған": Алматыда бір топ жасөспірім өздерімен қатарлас қызды себепсіз соққыға жыққан
Алматыда бір топ жасөспірім қатарласын соққыға жыққан. Соққы салдарынан қыздың қабырғасы сынып, миы шайқалған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: Жасанды инттелект freepik.com
Оқиға 26 қаңтарда Гүлдер саябағындағы мұз айдынында болған. Бір топ жасөспірім кәмелетке толмаған қызды себепсіз ұрып-соққан.
Жасөспірім алған жарақатының салдарынан ауруханаға жатқызылды.
Дәрігерлердің айтуынша, қыздың бірнеше қабырғасы сынған, миы шайқалған. Тіпті тістегі брекеті де сынып қалған.
Қызды соққыға жыққандар ата-аналасымен бірге полиция бөліміне жеткізілген.
"Көмектесіңіз мен оны танымаймын деп жылады": Алматы облысында бейтаныс ер адам кішкентай баланы ұрламақ болған
Тұрғын: "Ер адам баланың ұлы екенін, жай ғана үйге кіргісі келмей тұрғанын айтты”
Ай сайын ит-мысықты асырауға 8 миллион теңге жұмсаймын
Панажай иелері күштеп жабуға тап болып отырғанын айтты