Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады": Қасым-Жомарт Тоқаев қазақ халқына алғыс айтты

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев су тасқынына қарсы күресте көрсеткен қолдауы мен көмегі үшін қазақстандықтарға және шет мемлекеттердің басшыларына ризашылығын айтты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Фото: primeminister.kz

"Еліміздің бірқатар өңірінде табиғи апат болған сәттен бері менің атыма достас мемлекеттердің басшыларынан жылы лебіздері мен көмек көрсету жөнінде ұсыныстары жазылған хаттар келіп түсіп жатыр. Қазақстан жойқын су тасқыны кезінде жәрдем беруге дайын екенін білдіргені үшін достас елдерге шын жүректен алғыс айтады. Менің тапсырмам бойынша премьер-министр бастаған республикалық штаб төтенше жағдайдың салдарын барынша азайту үшін пәрменді шаралар қабылдап жатыр", – деп жазылған ел президентінің ресми Instagram парақшасында.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, зардап шеккен барлық азаматқа қажет көмек беріліп жатыр.

"Олардың бүкіл шығыны өтеледі. Бірде-бір адам назардан тыс қалмайтынын жуырда отандастарыма арналған үндеуімде айттым. Апатқа қарсы күрес жалғасып жатыр. Қиын-қыстау кезде халқымыз өзін тағы да ең жақсы қырынан танытып, бірлік пен төзімділіктің үлгісін көрсеткені қуантады. Қазақстан азаматтарына шын жүректен алғыс айтамын", – деп сөзін түйіндеді президент.

Талқылау