Бірқатар заңдарын бұзды: Сауд Арабиясы Роналду мен оның сүйіктісіне ешқандай шара қолданбаған
Криштиану Роналдуның сүйіктісі Джорджина Родригес Сауд Арабиясының заңдарын бұзып, жартылай жалаңаш күйінде фотосуреттер жарияласа да, жазаға тартылмаған. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Vesti.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Жұлдызды жұп 2022 жылдың желтоқсанында Сауд Арабиясының кәсіби лигасы Аль-Насрға ауысқаннан кейін Таяу Шығысқа көшті.
"Алтын доптың" бес дүркін иегеріне жылына 200 миллион еуро төленеді, сондай-ақ жеңілдіктер жасалған.
Сауд Арабиясында некесіз бірге тұруға тыйым салынғанымен, билік Криштиану мен Джорджинаға некелері қиылмаса да, бірге тұруға рұқсат берді.
Сауд Арабиясы заңнамасы әлеуметтік желілерде жалаңаш немесе жартылай жалаңаш суреттерді жариялауға тыйым салады. Бірақ бір апта бұрын Криштиануның сүйістісі бассейн жағасындағы бикинимен тұрған суреттерін сериясын жариялады. Бұған да билік көз жұмған көрінеді.
"7 миллиард теңгеге жуық": Алматы әкімін қамтамасыз етуге премьер-министрден көп қаржы жұмсалады
2026–2028 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы құжатта бүкіл шығын жазылған
"1,5 келілік сәби жансақтау бөлімінде": Таиландқа демалуға барып, босанып қалған қазақстандық әйел елден көмек сұрады
Елена: "Қазақстанға қашан оралатынымыз белгісіз"