Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірқатар мекеме жабылады: Қостанай облысының 6 қаласында оқшаулау режимі енгізіледі

Қостанай облысының алты қаласында оқшаулау режимін (эпидемияға байланысты білім беру, мемлекеттік және сауда-ойын-сауық ұйымдарын жаппай жабу) енгізу туралы шешім қабылдады деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі Қостанай облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінің Facebook-тегі ресми парақшасына сілтеме жасап.

Бұл режим 27-28 маусым аралығында (осы демалыс күндері) 00: 00-ден бастап Қостанай, Жітіқара, Рудный, Лисаковск, Тобыл және Арқалықта қолданыста болады. Бұл карантиннің жоғарылауымен байланысты. Тұрғындар жұмыс барысымен, медициналық көмек алу мақсатында, тамақ пен дәрі сатып алу, саяжайға жеке көлікпен бару, үй жануарларын серуендеу және науқастарға күтім жасау қажет болған жағдайда ғана үйден шығуға болады. Осы кезеңде барлық ойын-сауық және сауда орындары, қоғамдық көліктер, базарлар жұмыс істемейді.

Саябақтарда, алаңдарда, жағажайлар мен демалыс орталықтарында болу мүмкін болмайды. Сонымен қатар, 23-30 маусым аралығында бүкіл аймақта карантиндік шаралар күшейтілетіні хабарланды.

Өңірде коронавируспен ауыратындардың саны өсуде. Күн сайын  50-100 адам тіркеледі. Жалпы, мұнда асимптоматикалық тасымалдаушыларды қосқанда, 518 науқас тіркелген. Соңғы аптада аурудың өсуі 94 пайызды құрады. Сырқаттанушылық деңгейінің өсуіне байланысты мамандарға жүктеме артты, ауруханаларда орындар жеткіліксіз. Сондықтан, ертеңнен бастап аймақта балабақшалар мен спорт орталықтары жабылады. Тамақтану орындары тек жеткізу және сыртқа шығару үшін жұмыс істейді.

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр