"Бірінші құрбаным емес": 14 жасар қыз жеті жасар көршісін балтамен ұрып өлтірген
Фото: rutube.ru
Украинаның Запорожье облысында жеті жасар қызды өлтірді деген күдікпен Бердянск қаласының 14 жастағы тұрғыны ұсталды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі RBC басылымына сілтеме жасап хабарлайды.
Тергеу мәліметінше, 16 мамыр күні кешке жасөспірім қыз көшеде бір баланы кезіктіріп, оны орман белдеуіне қарай серуендеуге шақырған.
"Серуен кезінде күдікті қыздың басынан балғамен үш рет ұрған. Ашық бас сүйек-ми жарақаты салдарынан жәбірленуші оқиға орнында көз жұмды", – делінген хабарламада.
Қаза болған қыз көпбалалы отбасында өскен. Бір жыл бұрын ол әкесінен айырылған.
Тергеу комитеті кәмелетке толмаған баланы өлтіру дерегі бойынша Қылмыстық кодекстің 105-бабы 2-бөлігінің "б" тармағы бойынша қылмыстық іс қозғады. Қылмыстық кодекске сәйкес, адам өлтіргені үшін он төрт жасқа толғандар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.
Жауап алу кезінде күдікті тағы бірнеше құрбаны барын айтты. Тергеу кезінде жасөспірім еш өкінішбестен кінәсін мойындап, Анжела оның алғашқы құрбаны емес екенін мәлімдеген.
"Алдымен сөмкемді алып, ішіне балға салдым. Сосын болған жағдайды жазу үшін күнделік алдым. Көшеге қарап тұрсам кішкентай бала келе жатыр екен. Орынды алдын ала белгілеп қойғанмын, сондықтан бірден орманға қарай жүрдік. Сол жерде балғаны алмақ болдым, бірақ ол құлаққапқа оралып қалыпты. Қыз маған қарай қайта-қайта бұрыла берді. Сосын мен ұрдым. Өте көп ұрдым", – дейді қыз видеода салқынқанды түрде.
Тергеушілермен әңгіме барысында оқушы қыз битцевскийлік маньяк Александр Пичушкиннің жанкүйері екенін айтқан. Пичушкиннің құрбандарын балғамен басынан ұрып өлтіргеніне тәнті болғанын жеткізген. Бұдан бөлек, ол Пичушкиннің дауысын үнемі еститінін де мәлімдеген.
Енді бұл іс бойынша тергеушілер тергеуді бастады. Бірнеше сот-медициналық сараптамалар тағайындалды. Оның ішінде сот-психиатриялық сараптамалар да бар.
Айта кетейік, бұған дейін Петропавлда алқабилер ақтап жіберген ер адамды сот өмір бойына соттағаны туралы жазған едік.
"Бізден 100 есе жоғары алады": Қазақстан мен шетелдік дәрігерлердің жалақысын салыстырып көрдік