Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Бірінші қазақстандық АЭС отандық уранмен жұмыс істейді

аэс сток

Фото: Pixabay.com

Қазақстанда ядролық отынды өндірудің толық циклі әзірге болмаса да, еліміздегі алғашқы АЭС отандық уранмен жұмыс істейтіні белгілі болды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.

Қазақстан уран өндіруден әлемде көшбасшы болса да, елдің радиоактивті элементті байытуға өз мүмкіндігі жоқ. МАГАТЭ-нің "Қызыл кітабында" Қазақстандағы уран қорының мөлшеріне қатысты біршама баға берілген. Яғни уран қоры ол 2040 жылға дейін ғана (басқа бағалаулар бойынша 2070 жылдарға дейін) жетеді деп көрсетілген.

Енді көпшілікті Қазақстанда АЭС саны үшеу болса, өз станцияларына отынды қамтамасыз ете ала ма деген сұрақ мазалатты.

Брифингте атом энергетикасы агенттігінің өкілдері бұл мәселе шешіліп жатқанын айтты. Қазақстандық АЭС-тер урансыз қалмайды деп сендірді.

“Ядролық-отын циклін тұтастай дамыту жоспарланып отыр. Біз тарихи тұрғыда уран ұнтақтары мен таблеткаларын өндіріп келдік, ал 2021 жылдан бастап атом электр станцияларындағы реакторларға тікелей жүктелетін дайын ядролық отын – жылу бөлгіш жинақтарын шығара бастадық”, – деді агенттік төрағасының орынбасары Әсет Махамбетов.


"Росатом" Қазақстандағы алғашқы АЭС-тің макетін көрсетті


Ол қазір ресейлік тараппен қажет болған жағдайда байытылған уран жеткізу бойынша келіссөздер жүріп жатқанын қосты.

"Қызыл кітаптағы" сандарға абай болу керек: онда қазіргі өндіру және барлау деңгейі бойынша нақты деректер бар, бірақ оларға сәйкес келетін болашақтағы өндіріс көлемі де бар. Біздің басымдық – өз атом станциямызды өзіміздің ядролық отынымызбен қамтамасыз ету”, –  деді Махамбетов.

Қазақстан АЭС ЖШС бас директоры Ернат Бердіғұлов та қазір Қазақстан аумағында ядролық отын өндірісін жергіліктендіру бойынша белсенді келіссөздер жүріп жатқанын атап өтті.

Бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік еліміздегі алғашқы атом электр станциясын салу жобасы аясында Ресей Қазақстанға жеңілдетілген шарттармен экспорттық несие беретінін жазған едік. 

Еске салсақ, бұған дейін Атом энергиясы жөніндегі агенттік Қазақстанда бірінші Атом электр станциясын “Росатом” салатынын мәлімдеген еді. Сондай-ақ Қазақстанда екінші АЭС-ті қытайлық компания салатыны белгілі болды.

Қырмызы Скендирова
Жұма, 08 Тамыз, 2025 14:33
Талқылау
`