Бірінші әйелінің рұқсатымен екінші әйел алған азамат заң алдында жазаланатын болды
Әйелінің рұқсатымен екінші рет некелескен Қырғызстан азаматы қылмыстық жазаға тартылады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Джалал-Абад облысы Созақ ауданының полициясы бірінші әйелімен ажыраспай екінші рет некеге тұрған жергілікті тұрғынға қатысты сотқа дейінгі іс жүргізуді бастады.
Тергеу Қырғызстан Республикасы Қылмыстық кодексінің "Екі немесе көп әйел алу" бабы бойынша жүргізілуде.
Маусым айының басында интернетте Созақ өңіріндегі үйлену тойынан видео пайда болды. Ер адам бірінші әйелімен ажыраспай екінші рет үйленген.
Оның үстіне бірінші әйелі балаларымен бірге салтанатты шараға қатысып, күйеуін жаңа әйелімен құттықтайды.
"Мен бақталасыма емес, сіңліме бақыт тілеймін", – дейді бірінші әйелі тілегін білдіріп.
Қырғызстанда көп әйел алуға қатысты қылмыстық жаза қолданылады.
"Аяғыма оқ тиіп, кестіруге мәжбүр болдым": Сынаққа сынбаған Паралимпиада чепионы Ербол Хамитов жайлы не білеміз?
Ербол Хамитов Қазақстан тарихында Паралимпиада ойындарында топ жарған алғашқы спортшы атанды
"4 миллион теңге күйіп кетті": Мерекеде қызғалдақ сатқан қазақстандық кәсіпкерлер биыл шығынға батқан
Кәсіпкер: "3000 гүл сатуымыз керек еді, бірақ тек 166 дана қызғалдақ саттық"