Бірін-бірі сотқа берген продюсер Баян Алагөзова мен журналист Дана Орманбаева сот шешіміне қатысты пікір білдірді
Бірін-бірі сотқа берген қазақстандық продюсер Баян Алагөзова мен журналист Дана Орманбаева Алматы сотының шешіміне қатысты пікір білдірді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Коллаж Stan.kz
Алматы сотының 2024 жылдың 23 қыркүйегіндегі шешімі бойынша Баян Алагөзова журналист Дана Орманбаеваны өзі туралы жалған ақпарат таратты деп айыптап, сотта жеңіп шыққан еді.
Сот шешіміне қатысты продюсер өзінің желідегі парақшасында пікір білдірді. Баян Алагөзова өзінің сотта жеңіп шыққаны туралы жаңалықты бөлісіпі, сипаттамасына:
“Жеті рет өлшеп, бір рет кес!”, – деп жазды.
Сот шешіміне қатысты журналист Дана Орманбаева да пікір білідіріп, өзін сотта жеңілдім деп есептемейтінін мәлімдеді.
"Жеңіп шықты дегені қалай? Іс жалғасуда. Қалалық сот бар, жоғарғы сот бар", – деп жазды Дана Орманбаева желідегі парақшасында.
Еске салсақ, бұған дейін Баян Алагөзованың белгілі блогерді өзін қорлады деп айыптап, сотқа бергені туралы жазған едік. Сот талап арызды ішінара ғана қанағаттандырып, айыпталушы журналист Дана Орманбаеваны өзі жариялаған ақпаратты жоққа шығаруды, сонымен қатар моральдық шығын ретінде Баян Мақсатқызына 500 мың теңге төлеуге міндеттеді.