Бірін-бірі 12 жыл көрмеген пілдердің кездесуі желі қолданушыларының көңілін елжіретті

Германияда ұзақ уақыт бойы көріспеген туыс пілдердің 12 жылдан кейін бірін-бірі тануы желі пайдаланушыларының көңілін елжіретті, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

пілЖабайы табиғатта аталық пілдер өзіне жұп табу үшін өз отарынан алшақтап кетеді екен. Ал ұрғашылары болса өмір бойы аналарының жанында болатын көрінеді. 

39 жастағы Пори есімді ұрғашы піл Берлиндегі мекенінен Галла қаласындағы зообаққа көшіріліпті. Онда алып жануар өзінің қызы Танамен кездестіріліпті. 12 жыл кездеспеген пілдер бір-бірін таныған көрінеді. 

Қазіргі таңда ұрғашы пілдердің сағыныштарын басуға уақыт беріліп, тіпті, ол үшін жануарлардың мекендейтін орынға келушілер кіргізілмейді екен. 

Айта кетейік, Пори - Зимбабведен әкелінген африкалық піл. Ал Тана болса, оның алғашқы ұрпағы. Сафарилерде пілдер топтасып өмір сүреді екен. 

Зообақтың директоры Деннис Мюллер анасы мен қызының қосылуы пілдердің өзіне қатты әсер қалдырғанын айтады. 

"Негізі біз болашақта пілдердің зообақтарда осылай топтасып өмір сүргендерін қалаймыз. Өйткені оларды отбасыларынан бөліп алу дұрыс емес", - дейді зообақ басшысы. 

 

Талқылау
Пікір
Қазір оқып жатыр
Çàãðóçêà...
Қазір оқып жатыр