Біріккен күрес әлемі ұйымының атқарушы кеңесіне Дамир Бекбосынов қабылданды
Qazaq Kuresi Ассоциациясының бас директоры Дамир Бекбосынов Біріккен күрес әлемі (UWW) ұйымының ұлттық күрес түрлері комитетінің атқарушы кеңесінің мүшелігіне қабылданды. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Фото: instagram.com/qazaqkuresi.kz
Үндістанның Дели қаласында өткен қазақ күресінен әлем чемпионатында UWW техникалық делегаты Онур Шимшек қатысқан еді. Шара барысында Дамир Бекбосыновқа Шимшек атқарушы кеңесі мүшесінің арнайы төсбелгісін табыстады.
Айта кетейік, Qazaq Kuresi Ассоциациясы 2022 жылы UWW ұйымына мүшелікке қабылданған еді. Содан бері Ассоциация халықаралық жарыстарын аталмыш ұйымның аясында өткізіп жүр.
Талқылау