Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біріккен Араб Әмірліктерінде жаңа президент сайланды

Біріккен Араб Әмірліктерінің (БАӘ) президенті болып Абу-Дабидің тақ мұрагері Мұхаммед бен Зейд Әл Нахаян сайланды. Оны мемлекет басшысы лауазымына БАӘ Жоғарғы федералдық кеңесі тағайындады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Сенбі күні басқа алты әмірліктен келген кеңес билеушілері Мұхаммед бен Зейдтің сарайына жиналып, мемлекет басшысының қайтыс болуына байланысты көңіл айтты.

Жоғары федералдық кеңес Абу-Даби тақ мұрагері Мұхаммед бен Зейдті БАӘ президенті етіп тағайындау туралы шешім қабылдады.

Елді 2004 жылдан бері басқарып келе жатқан БАӘ-нің бұрынғы президенті жұма күні ұзаққа созылған аурудан кейін 73 жасында қайтыс болды.

Талқылау