Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біріккен Араб Әмірліктері: Визасыз тәртіп жөнінде не білу керек?

Қазақстан елшісі Қайрат Лама Шарий БАӘ-де демалуды жөн көретіне қазақстандықтарға кеңес берді, деп хабарлайды Stan.kz.

Бұл туралы Қазақстан елшісі Facebook желісіндегі парақшасында жазды.

2018 жылдың 10 наурызынан бастап Қазақстан мен БАӘ арасында визасыз тәртіп орнайды. Араб Әмірліктерінде демалығысы келетін туристер сапар кезінде көптеген қиындықтың алдын алуға көмектесетін жалпы ережелер мен кеңестерге назар аударған жөн.

«Шетелге шыққанда алдымен өзіңіздің жол жүру құжаттарыңыздың дұрыстығын тексеру керек. Төлқұжаттың қолданылу мерзімі сапар соңында 6 айдан кем болмауы тиіс.

Қазақстан азаматтарының барлығында шекарадан асқанда жеке төлқұжаты болуы керек. Барлығы жалпы тәртіп бойынша төлқұжат тексерісінен өтеді.

БАӘ ішкі заңы бойынша, Араб Әмірліктеріне ата-анасымен бірге жол тартқан балалардың да өз төлқұжаты болуы тиіс. Балалар ата-анасының төлқұжаты арқылы шекарадан аса алмайды.

30 күн мерзім өткеннен кейін, ҚР азаматтары БАӘ аумағынан шығуы керек.

Әмірліктерде болуға рұқсат етілген мерзімді бұзған жағдайда, жергілікті заң бойынша алғашқы күн үшін 200 дирхам (17 825 теңге) көлемінде айыппұл салынады. Мұнан кейінгі әр күн үшін 100 дирхам (8912 теңге) көлемінде айыппұл төлеуі тиіс.

БАӘ аумағында жұмыс істеу резиденттік немесе жұмыс визасын рәсімдеген жағдайдада ғана мүмкін болады.

Визасыз тәртіп бойынша коммерциялық, еңбек әрекетін жасауға қатаң тыйым салынады. Заңсыз жұмыс істеу дерегі анықталған жағдайда, БАӘ еңбек және көші-қон Заңына сәйкес, жұмысшыға да, жұмыс берушіге де әкімшілік айыппұл салынады. Сондай-ақ, 1 айдан 6 айға дейін түрмеге тоғытылып, депортацияға ұшырауы мүмкін», – деп жазды елші Қайрат Лама Шариф.

Оқи отырыңыз:

Қорқыт ата Әзірбайжанда шығарылатын комикс кейіпкеріне айналады

13 жастағы бала Қазақстандағы ең үздік бүркітші атанды

ШҚО-да түлектердің бірі мектебіне 1 миллион теңгеге жабдықтар алып берді

300 әлде 1000? Ғалымдар Семей қаласының жасы жөнінде дауласып қалды

Талқылау