Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Бірі екі жыл бұрын қайтыс болған": Павлодар облысында екі адамның мәйіті табылды

Фото: depositphotos.com

Павлодар облысында көрші орналасқан екі үйден ұзақ уақыт бойы жатып қалған екі адамның мәйіті табылды. Қазір полиция тергеу жүргізіп жатыр. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. 

Жантүршігерлің жәйт туралы алдымен жергілікті пабликтер жазған. Ақпаратқа сәйкес, мәйіт Майқайың кентінен табылған. Табылған адамдардың бірі шамамен екі жыл бұрын, ал екіншісі бірнеше ай бұрын көз жұмған болуы мүмкін.


Шымкентте 26 жастағы әйелді айуандықпен өлтіріп, мәйітін қоқысқа тастаған оқушыға қатысты сот үкімі өзгерді


Өзбекстандық әйелдің басы шабылған мәйіті табылған: Түркияда мыңдаған әйел наразылыққа шықты


Павлодар облыстық полиция департаменті болған оқиғаны растады.

“Аталған дерек бойынша қылмыстық іс қозғалды. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу әрекеттері жүріп жатыр”, – деп мәлімдеді ведомство.

Жергілікті тұрғындардың айтуынша, мәйіттердің бірі қарт әйелдің үйінен, екіншісі көрші үйден табылған. Олардың болжамынша, марқұмдар сол әйелдің туыстары қызы мен күйеуі болуы мүмкін. Алайда бұл ақпарат әзірге ресми түрде расталған жоқ.

Ауыл тұрғындарының сөзінше, бұл отбасы ешкіммен араласпай, бөтен адамдарды үйіне кіргізбеген. Қарт әйелмен бірге кәмелетке толмаған немересі тұрған.

Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысында жоғалып кеткен отбасының екі мүшесінің мәйіті табылғаны туралы жазған едік.

Нұрила Жұмаділлә
Сенбі, 14 Ақпан, 2026 12:15