Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Саяси мансабым аяқталғандай күй кештім": Бірғаным Әйтімова өкілеттігінің тоқтауы туралы

Сенат депутаты ретіндегі өкілеттігі тоқтатылған Бірғаным Әйтімова қай салада жұмыс істеуді жоспарлап отырғанын айтты, деп жазады Tengrinews.kz.

Бірғаным Әйтімова: Менің саяси мансабым аяқталды

Экс-сенатор өзінің өкілеттігін тоқтату туралы шешімді жақсы қабылдағанын айтты және елбасыға, Тоқаевқа және Дариға Назарбаеваға ризашылығын білдірді.

«Мұң бар. Менің елеулі саяси мансабым аяқталған сияқты күй кештім. Мұндай сезім бар. Бірақ мен бұған соңғы жылдары дайын болдым», - деді экс-сенатор.

Әйтімова бұдан былайғы қызметтің нақты бағытын әлі таңдамағанына қарамастан, ол қол қусырып қарап отыруға ниет білдірмейді. Сондықтан жаңа нәрсені көруді жоспарлап отыр.

Бұрынғы сенатор өзін бизнесте, қызмет көрсету немесе кеңес беру қызметінде сынап көруді мақсат етеді.

Айта кетейік, күні кеше президент жарлығымен Бірғаным Әйтімованің депутаттық өкілеттігі тоқтатылды.

Талқылау