Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

«Біреумен танысып, көңілдес болған»: Әлеуметтік көмек алған көпбалалы ана бала-шағасын тастап кетті

Алматы облысында атаулы әлеуметтік көмек алған 5 баланың анасы үйінен кетіп қалған. Ал ішер ас, киер киімге жарымаған оның перзенттері «анамыздан жәрдемақының ақшасын алып беріңіздер» деп көмек сұрады, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі «Дау-дамайсыз» бағдарламасына сілтеме жасап. 

әке мен бала

Талғар қаласының іргесіндегі саяжайда мекендейтін Тәлім мырза 17 жыл отасқан әйелін іздейді. Ол әлеуметтік көмекті алып қашып кетіпті. Ерлі-зайыптының бес-ұл қызы бар. Тұңғышы 16 жаста. Кенжесі Айсезім бес жасар. Тәлім мырза айына автотұрақты күзетіп айына 40 мың теңге жәрдемақы алады екен.

«Көктемде 21мың шықты. Содан ба налары бұзылып кетіп қалды. Ағасы мен жеңгесі келді. Оларға «алдында он бес күн жоғалып кетті, тағы екі-үш күн жоғалып кетті» деп айттым. Қаңғып кете береді. Ішкені арақ. Жаздай ішіп келе жатыр. Көктемнен басталды. Әлеуметтік көмек алатын жерде біреумен танысып, көңілдес болған. Артынан кеткен ғой», – дейді күйеуі.

Әйелі атаулы әлеуметтік көмектің ақшасын күйеуіне бірде-бір рет ұстатпаған. Тек бала-шағаны ортаға салып жатып 100 мың теңгесін алып қалыпты. 

«Анамыздың біреумен сөйлесіп жүргенін телефонынан көргенбіз. Бірақ біз ол туралы әкемізге айтпадық. Себебі біз екеуі ұрсысып жаман жағдайлар болатын шығар деп ойладық. Шешемізден өзімізге әлеуметтік көмекті аудартып алғымыз келеді. Ол кісіден бес баласынан ас тартуы туралы қолхат жаздыртқым келеді. Кейбір достарымнан «сенің шешең ішіп алып бір әйелмен төбелесіп жүр» деген сөздер естіген болатынмын. Сондайда жаман намыстанамын», – дейді он төрт жастағы ұлы. 

Ал 38 жастағы көпбалалы ана өзінің балаларынан бас тартпайтынын айтты. Сондай-ақ, үйіне күйеуі кетсе ғана келетінін жеткізді.

«Мен ажырасқаннан кейін оған есеп бермеймін. Өз құқұғым өз қолымда. Мен анда-санда арақ ішемін. Бірақ менің байым таза алқаш. Күн-түн демей ішеді. Шындығы сол. Мен бала-шағамнан тартпаймын. Үйімнен кетіп, босатсын. Ол үйді мен алғанмын. Балаларымның көңілін суытып отырған алқаш әкесі», – дейді келіншек.
 

Талқылау
Пікір
Соңғы ЖАҢАЛЫҚТАР

Ақмола облысында сегіз күннен бері іздеуде жүрген қыз құрбысының үйінде жатқан

Бойжеткеннің туыстары оның із-түссіз жоғалып кеткендігін айтқан

Ішімдік ішіп, қонақ үйге құсып тастаған: Қазақстандық төрт биатлоншы олқы қылықтары үшін ұлттық құрамадан шеттетілді

Ең зиянды әдеттер аталды

бұл қылықтар денсаулыққа кері әсер етуі мүмкін

Туризм индустриясы комитетінің төрағасы тағайындалды

Бұл лауазымға Дастан Рыспеков ие болды

"Бір жерге тегін жеткім келді": Павлодарда көліктегі әйелге шабуыл жасаған азамат құрықталды

Оқиғаға қатысы бар деп Ақсудың тұрғыны ұсталған

Bek Air ұшағының құлау сәті видеомен көрсетілді

Мамандар ұшақ апатын визуал

Мәдениет министрлігі: Әнші фонограмма жайлы алдын ала ескертуі керек

Орындаушы концерт фонограммамен өтетіндігі жайлы билет сатылмай, жарнама бермей тұрып айтуы шарты

14 күнге карантинге жабылады: Қазақстанда коронавирус анықталған елдерден келген азаматтар қатаң бақылауға алынады

Коронавируске қатысты жаңа заң құрастырылды

Таксист болып жүрген жеті баланың анасына көпшілік көмектесе бастаған (видео)

Даниал Ахметов коронавирус жайлы: Қытаймен шекаралас ауыл тұрғындарына қорқудың қажеті жоқ

Әкімнің айтуынша, шекара қатаң қадағалауда
Çàãðóçêà...