Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреуі мас болған: Елодалық жүргізушілер жолдың қарсы бетіне шығып, жарыс ұйымдастырған (видео)

Нұр-Сұлтанда жолдың қарсы бетіне шығып жарысқан бірнеше жүргізуші жауапкершілікке тартылды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі. 

жарыс

Полиция мәліметінше, жарыс ұйымдастырғандардың бірі мас болған. 

"Қарама-қарсы қозғалысқа арналған жол бөлігіне шығып кеткені үшін "Mercedes Benz" көлігінің жүргізушісі ҚР ӘҚБтК 596-бабы 3-тармағымен әкімшілік жауапқа тартылды. Сонымен қатар жүргізушінің үстінен ҚР ӘҚБтК 595-бабы 1 тармағы және 630-бабы 1-тармағымен әкімшілік хаттама толтырылды", –  деді ПД өкілдері.

Әкімшілік соттың шешімімен 22 жастағы жүргізуші 7 жылға көлік құралын жүргізу құқығынан айырылып, 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынды.

“Тағы бір "Mercedes Benz" көлігінің 31 жастағы жүргізушісін қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 596-бабы 3-тармағымен және 590-бабы 9-тармағымен әкімшілік іс қозғалды. Мұнан бөлек, "Toyota Camry", "BMW", "Mercedes Benz" көліктерінің жүргізушілерінің үстінен де әкімшілік іс қозғалып отыр”, – делінген ресми хабарламада.

Ұсталған көліктердің барлығы коммуналдық тұраққа қойылды.

Дидар Халық
Жексенбі, 24 Қазан, 2021 18:16
Талқылау