Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

Біреуі көз жұмды: Таразда бұрын сотталған қылмыскер енесі мен келінін пышақтап кетті

Тараз қаласында бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін сотты болған ер адам енесі мен келінін пышақтап кеткен. Нәтижесінде 42 жастағы келіні көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

Алматыдағы сауда үйінде екі жасөспірім күзетшіні пышақтап кетті

Оқиға 16 қарашада болған. 42 жастағы ер адам полицияға хабарласып, анасы мен әйелінің пышақ жарақатын алғанын айтып арызданған.

Оқиға орнына келген полицейлер мен дәрігерлер  42 жастағы әйелдің қаза болғанын анықтады, ал енесі Жамбыл облыстық ауруханасының жансақтау бөліміне жатқызылды.

"Жүргізілген жедел-іздестіру шараларының нәтижесінде Жамбыл облысының Жамбыл ауданы Пригородное ауылының 40 жастағы тұрғыны ұсталды. Ол бұрын кісі өлтіргені және зорлағаны үшін сотты болған. Ұсталған азамат кінәсін мойындап, спирттік ішімдік ішу барысында кенеттен туындаған жанжалдан соң пышақ жарақатын салғанын көрсетті", - деді облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінде.

Аталған фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 99-бабы 1-бөлігі, 24-99-бабының 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталған. Бірқатар сараптамалар тағайындалып, заттай айғақтар алынды.

STAN.KZ
Сейсенбі, 17 Қараша, 2020 17:46
Талқылау