Біреуі қаза болды: Қарағанды облысында жасөпірімдер мотоцикл айдап, апатқа ұшырады
Қарағанды облысында жол апатынан 11 жастағы жасөспірім көз жұмды, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.

“5 маусымда Жезқазған-Қарағанды тас жолында 14 жасар жасөспірім тізгіндеген “Восход” мотоциклі мен 42 жастағы ер адам айдаған “Тойота Камри” автокөлігі соқтығысты”, – деп хабарлады Қарағанды облысының баспасөз қызметі.
Алдын ала мәліметтер бойынша, мотоцикл жүргізушісі жүріс бөлігін солдан оңға қарай кесіп өтіп, автокөлікпен соқтығысқан.
Жол апатында мотоциклдің 11 жастағы жолаушысы алған жарақатынан көз жұмды. Түрлі жарақаттары бар мотоцикл жүргізушісі медициналық мекемеге жеткізілді.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігі – "Абайсызда адам өліміне әкеп соққан жол қозғалысы ережелерін бұзу" бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Тиісті сараптамалар тағайындалды.
"Терезеге телміріп, жүруді армандадым": 10 жыл төсекке таңылған марафоншы ауруды қалай жеңгенін айтты
Ауырып жатсам да, қиындыққа сынған жоқпын
"Ит пен мысықты өлтіруге қарсымыз!": Қазақстандықтар қаңғыбас жануарларға эвтаназия жасау туралы заң жобасына қарсы шықты
Тұрғын: "Қоғамның деңгейі оның жануарларға деген қарым-қатынасынан көрінеді"