Соңғы жаңалықтар
Соңғы жаңалықтар

"Біреу өлуі керек болса, ол мен болуым керек": Алты жасар бала қарындасын қабаған иттен құтқарып қалды

АҚШ-тың Вайоминг штатында тұратын алты жасар Бриджер Уокер  қарындасын оған шабуыл жасаған иттен құтқарды. Баланың батыл әрекеті туралы оның әпкесі Никки Уокер Instagram-дағы парақшасында мәлімдеді, деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі.  

Бриджер Уокер 

Оқиға 9 шілдеде болған. Уокердің айтуынша, Бриджер қарындасына қарай ашулы иттің жүгіріп келе жатқанын көрген, ол өзінің денесімен бауырына қалқан болған. Ит оның беті мен басынан бірнеше рет тістеп алған, бірақ Бриджер қарындасының қолынан ұстап алып, оны қауіпсіз жерге алып бара алған.

"Егер біреу өлуі керек болса, ол мен болуым керек деп ойладым", - деген батыл бала.

Фотосуреттерде баланың ауыр жарақаттары - ерінінің, сол жақ бетінің және сол көзінің зақымданғаны көрінеді. Пластикалық хирург Бриджерге 90-ға жуық тігіс қойды, деп атап өтті әпкесі. 

Әйелдің сөзінше, бала қазір үйде, түзеліп келе жатыр және көңіл-күйі керемет. Бірақ ол әлі де көп күле алмайды.

Жазба авторы олардың отбасы иттің иелеріне қарсы кек сақтамайтынын атап өтті. Оның сөзіне қарағанда, иттің иелері әрқашан Бриджерге мейірімділік танытқан - "керемет адамдар".

Никки Уокердің жазбасы миллионнан астам лайк пен 30 мыңнан астам пікір жинады.  Көптеген пайдаланушылар баланың отбасына қаржылық көмек ұсына бастады, бірақ оның әпкесі ол ақшаларды қайырымдылыққа аударуды өтінді.

Талқылау